Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният: Коронавирустан қайтыс болғандар тіркелмеді

Ажар Ғиният, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 13:18 Сурет: primeminister.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде науқастардың қайсысы коронавирусқа байланысты реанимацияға түсу қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, әлемде сырқаттанудың өсуімен қатар Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясын жұқтыру өсуі байқалады. Кейінгі аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 2,5 есеге өсті (1030 жағдайдан 2558 жағдайға дейін).

Өткен аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,5% өсіп, күніне 1300-ден астам коронавирус жұқтыру тіркелді. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген. Кейінгі аптада індетті жұқтырғандардың 70%-ы Алматы мен Нұр-Сұлтанда болған.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Оның айтуынша, сырқаттанушылықтың артуына қарамастан, ауруханаға жатқызу көрсеткіші төмен.

Еліміз бойынша коронавирусқа қарсы медициналық көмекті сыйымдылығы 3282 төсектік 139 жұқпалы аурулар ауруханасы көрсетеді. Бүгінlt 570 науқас стационар жағдайында ем қабылдап жатыр, яғни төсек орындарының 20%-ы пайдаланылып жатыр. Науқастардың 58,3%-ы –ересектер. Олардың 40%-ында қосымша аурулар бар. Аурудың көбеюіне қарамастан ауруханаға түскен науқастар аз. Ауыр жағдайда түскендер аз, кереуеттердің тек 4%-ы ғана жансақтау бөлімінде. Созылмалы ауруы қатар жүретін 50 жастан асқан адамдар реанимацияға түседі. Мысалы, пациенттердің 24,2%-ында артериялық гипертензия, 9,1%-ында өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 6,1%-ында жүректің ишемиялық ауруы, 6,1%-ында қант диабеті және тағы басқа аурулары бар. Науқастардың 41,7%-ы – балалар, ал бір жасқа дейінгі балалар – 23. Жалпы республика бойынша 180 бала ем алып жатыр.Ажар Ғиният

Жұқтырғандардың 90%-ында инфекция жеңіл түрде өтеді. Министрдің айтуынша, өлім-жітім нольге дейін төмендеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: