Қазақстан бір айда «Омикронды» жеңді - Ажар Ғиният
Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның коронавирустық инфекцияны жұқтыру деңгейінің өсуіне төтеп бергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде Қазақстан мен барлық облыстар жасыл аймаққа енген. «Омикрон штаммынан» туындаған сырқаттанушылықтың соңғы өсуі ұзақтығы бойынша ең қысқа болды және шамамен 1 айға созылды (2022 жылғы 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін). Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Оның айтуынша, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған мемлекеттің, бизнестің және халықтың бірлескен үйлестірілген шараларының тиімділігіне байланысты.
Сонымен қатар, әлемде Omicron нұсқасынан туындаған сырқаттанушылықтың өсу ұзақтығы жалғасуда. Бірқатар елдерде ол екі айдан астам, ал кейбір елдерде үшінші айға созылды. Халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда. Ажар Ғиният
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript