Александр Бублик әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтып кетті

АТР-250 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
ATP 250 турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик Австралия теннисшісі Джейсон Кублермен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өткен ATP 250 турнирінің 1/4 финалында әлемнің экс-бірінші ракеткасы, шотландиялық Энди Маррейді ұтып кетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Әлемнің 42-ші ракеткасы Бублик 11 эйс жасап, төрт брейк-понттың үшеуін жүзеге асырды.

Турнирдің жартылай финалында Александр Австралия теннисшісі Джейсон Кублермен бақ сынайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз