Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыр атлетикадан әлемдік рекордшы Едіге Емберді Азия чемпионы атанды

Өзбекстан, ауыр атлетика, зілтемір, реклорд, Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 15:19 Сурет: Instagram/wf_rk
Зілтемірші Едіге Емберді Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

73 келіге дейінгі салмақта 309 келі нәтиже (жұлқи көтеруден – 136, серпе көтеруден – 173) көрсеткен спортшымызға тең келер ешкім болмады. Елордалық зілтемірші Азия чемпионатының ең жоғары жүлдесінен бөлек, серпе көтеруде және жиынтық есепте жастар арасында Азия рекордын жаңартты.

Еске салсақ, Едіге Емберді өз салмағында чемпион және әлем рекордшысы атанды. Ол бұл құрметке бір ай бұрын Мексикада өткен Жастар арасындағы әлем чемпионатында ие болды.

Едіге Емберді Шымкент қаласының тумасы. Ауыр атлетикамен Нұр-Сұлтан қаласында айналыса бастады. Жеке бапкері — Аманиязов Айбек Назарбайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясының» КММ аға-жаттықтырушысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: