Едіге Емберді ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Ауыр атлетика,  ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 14:17 Сурет: Instagram/drs_kz
Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында жерлесіміз Едіге Емберді Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жастағы ауыр атлет 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды, деп жазды Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты. Ол 336 (145+191) келіні басынан асырды. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтын жүлдені жеңіп алды.

Сурет: Instagram/committee_sport

Сондай-ақ әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір ауыр атлетіміз Юлия Трошкина қоссайыс бойынша жалпы есепте оныншы орынды иеленді. Ол 150 (70+80) келіні көтерді. Дәл сондай орынға ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта Петр Хребтов 270 (120+150) тұрақтады. Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: