Жаңалықтар тізбегі
0

Жерлестеріміз «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты атанды

Славян базары, Еркін Төленов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 17:15 Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Биыл Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан Ерік Төленов, ал балалар байқауында Алинур Хамзин өнер көрсетті. Екі орындаушы да байқаудың лауреаты атанды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясының «Песня – Путь к Содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сондай-ақ Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Kyle ruh, Славян базары, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 17:15

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Ал 12 жастағы Алинур Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.

Славян базары, Ерік Төленов, Kyle Ruh, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 17:15

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Біздің анықтама:

Ерік Төленов 1993 жылы Түркістан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Кентау қаласындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітірген, 2014-2016 жылдары түрлі музыкалық топтарда өнер көрсеткен. 2021 жылы Mozart халықаралық шығармашылық фестивалінің және Welle-music wave халықаралық байқауының гран-при иегері атанған, The Voice of Kazakhstan танымал байқауында II орын алды. Оның қойылымы әлемнің ең үздік The Voice шоуларының қатарына енді.

Алинур Хамзин 2010 жылы Орал қаласында дүниеге келген. №27 мектеп-лицейінің 6-сыныбында және № 1 музыка мектебінде оқиды. Соңғы 5 жылда республикалық конкурстарға, тележобаларға және халықаралық конкурстарға, оның ішінде Париждегі Junior Eurovision байқауына, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсына қатысқан. Сондай-ақ, ол әр түрлі тележобалар мен конкурстардың лауреаты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: