Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірі уақытша толығымен жабылады

Ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 19:41 Сурет: Zakon.kz
23 шілдеде сағат 00:00-ден 24 шілдеде сағат 08:00-ге дейін Малахов көшесінің Рахымжан Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл Нұр-Сұлтан станциясындағы 8 теміржол өткелінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, делінеді қала әкімдігінің ресми сайтында.

Елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Астана жол дистанциясының мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан станциясының 8 темір жол өткелінде (Малахова көшесі 805 км пк7) жөндеу жұмыстарының басталуы туралы хабарлайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, делінген басқарма хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: