Шри-Ланканың жаңадан сайланған президенті ант қабылдады

Шри-Ланка президенті Сурет: flickr
Шри-Ланканың жаңа президенті Ранил Викремесингхе ант қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шри-Ланканың сегізінші президенті Ранил Викремесингхе бүгін таңертең Парламентте президенттік ант қабылдады, делінген хабарламада.

Президент Викремесингхе Шри-Ланка Жоғарғы сотының төрағасы Джаянта Джаясурияға ант берді, деп хабарлайды Adaderana жаңалықтар порталы.

Айта кетсек, Шри-Ланка президенті болып парламенттік дауыс беру қорытындысы бойынша елдің қазіргі премьер-министрі және мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарушы Викремесингхе сайланды.

Ал алдындағы президент Готабая Раджапакса елдегі дүмпуден кейін қашуға мәжбүр болды. Ол өз отставкасы туралы өтінішті электронды пошта арқылы жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз