Жаңалықтар тізбегі
0

Аспандағы белгісіз нысан Түркістан мен Тараз тұрғындарын таң-тамаша етті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 13:55 Сурет: видеодан алынды
Түркістан мен Тараз тұрғындары түнде аспандағы таңғажайып жарықтың куәсі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде сағат 22:30 бен 23:00 аралығында аспанда тізбектелген жарық пайда болды. Бір сызық бойында жылжыған сәуле біршама уақыттан соң ғайып болған. Белгісіз бейнені тараздық тұрғындар да көрген. Бұл туралы Көсемәлі Сәттібайұлы есімді желі қолданушысы «Тараз аспанынан таңғажайып жарық көрінді» деп жазды өз Facebook парақшасында, делінген Қазақпарат сайтында.

"Ұшақ емесі нақты, бұл не болды" деген желі қолданушылары бірі бұған таң қалса, тағы бірі шошып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: