Желіде тараған видеодағы түнгі аспандағы біртүрлі жарықтың не екені белгілі болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 20:58 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желі қолданушылары түнде аспаннан байқалған біртүрлі жарықтың суреттері мен видеосын жаппай бөлісіп жатыр. Ол арада зымыраннан қалған із байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"К.Э. Циолковский" кемесі тиелген "Союз-2.1 а" зымыраны Байқоңырдан ұшып шықты. Зымыран Ресей мен АҚШ арасындағы ұшулар туралы келісім аясында көкке көтерілді.

Сурет: Zakon.kz

Ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франциско Рубио Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

39 жастағы Дмитрий Петелин - Қазақстанның тумасы. Ол Қостанайда дүниеге келген.

ХҒС-68 - ұзақмерзімді экспедиция. Жоспар бойынша экипаж ХҒС-та 188 тәулік, яғни 2023 жылдың 28 наурызына дейін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: