Жаңалықтар тізбегі
0

ИДМ қазақстандық бірқатар жобаларға қаражат бөлуді жалғастыруға ниетті

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 17:05 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып әзірлеген ел екенін еске салды.

Алматыда 25 жылдан астам уақыт бұрын орналасқан аймақтық кеңсе Шығыс Еуропа елдерінде, ТМД, Монғолия және Қытайда банк операцияларын үйлестіреді. Бұл Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы жоғары маңыздылық пен өзара сенімді қарым-қатынасты білдіреді.

Біз Банктің Қазақстан экономикасына көп жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалаймыз. Ислам даму банкі ынтымақтастық орнатқан жылдар ішінде еліміздегі экономиканың басым секторлары мен әлеуметтік жобаларға 1,6 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Әл-Джассер Мемлекет басшысына банктің инвестициялар саласындағы саясат және алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде айтты. Оның айтуынша, Ислам даму банкі бизнес, қаржы салаларындағы жобаларға, сондай-ақ инфрақұрылым мен коммуникацияларды жаңғыртуға  қаражат бөлуді жалғастыруға ниетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: