Тоқаев Қатардың жетекші бизнес өкілдерін қазақстандық жобаларға қатысуға шақырды

Ынтымақтастық, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 20:15 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгіме басында мемлекеттер басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Көшбасшылар Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалар бар екенін атап өтті.

Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Қазақстан Президенті Қатардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Қатар Әмірі көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін айтып, осы бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын дайындау үшін ресми өкілдерін жіберуге ниетті екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: