Кезектен тыс президенттік сайлау – Тоқаев Бердімұхамедовтың шешімін қолдады

президент телефонмен сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 17:44 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қазақстан Президентінің былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын айтты. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне шынайы құрметін білдіре отырып, Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түрікменстан басшысының саяси әрі өмірлік мол тәжірибесі осы мемлекеттің өркендеуіне септігін тигізері сөзсіз.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: