Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5%-ға көтерді

Ұлттық бан, экномика, базалық мөлшерлеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 16:23 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 13,5% болады.

Ұлттық банк өкілдері атап өткендей, нақты инфляция инфляциялық күтулердің жеделдеуі аясында болжамды көрсеткіштен едәуір асып түсті. Тұтынушылық бағалардың орнықты құрамдас бөліктері, сол сияқты бағаның жалпы деңгейі өсіп келеді. Биылғы мамырда және маусымда қалыптасқан инфляция шарықтау шегінен өтпегенін көрсетеді.

Ұлттық банктің бағалауынша, жоғары инфляциялық күтулер проинфляциялық қысымды күшейтуде. Ұлттық банктің бағалауына сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция бұрынғы болжамнан асып түседі. Жаңа күтпеген өзгерістер орын алмаған жағдайда инфляцияның жылдық өсуі 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін жалғасып, одан әрі баяулайды.

Бұл шешім 2023 жылы инфляциялық процестер мен күтулерді тұрақтандырып, баяулатуға және инфляцияны орта мерзімді перспективада нысаналы көрсеткішке жақындатуға бағытталған. Қалыптасқан инфляциялық процестердің орнықтылығы, сұранысты фискалдық ынталандыру және сыртқы проинфляциялық ахуал халықтың қаражат жинақтау ниетін ынталандыру үшін ұзақ уақыт бойы базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде ұстап тұруды талап етеді, бұл келесі жыл ішінде инфляцияға біртіндеп әсер ететін болады.

2022 жылғы маусымда жылдық инфляция 14,5%-ға дейін жеделдеді. Барлық құрамдас бөліктер бойынша баға өсіп келеді – азық-түлік тауарлары (19,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар (13,2%) және ақылы қызметтер (9,2%). Бұл жеткізу тізбегіндегі іркілістерге, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты шығасылар инфляциясының өсуі, сондай-ақ фискалдық ынталандырудан қолдау тапқан жоғары сұраныс пен теңге бағамының әлсіреуінен туындап отыр.ҚР Ұлттық банкі

Базалық инфляция жалпы инфляциядан озып, бағаның орнықты өсу факторларының басымдығын көрсете отырып, қайтадан үдей бастады. Инфляциялық күтулер де үдегенін көрсетті – 2022 жылғы маусымда күтілетін инфляцияның медианалық бағасы бір жыл ішінде 14,9%-ға дейін (мамырда – 13,8%) өсті.

Мамыр-маусымда нақты инфляцияның және инфляциялық күтулердің неғұрлым жоғары деңгейде қалыптасуын ескере отырып, Ұлттық банк 2022 жылы жылдық инфляцияның бұрын айтылған 13-15% болжамының жоғарғы шегінен де жоғары жеделдеуін күтеді. Жаңа бағалау келесі болжамды раунд аясында жүргізіледі.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында экономика 3,4%-ға өсті, бұл жалпы Ұлттық банктің болжамдарына 2022 жылдың соңына дейін 2,8-3,8% деңгейінде сәйкес келеді.

Экономиканың барлық негізгі салалары өсуде, бірақ кейбір салаларда іркіліс бар. Мәселен, Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тау-кен өнеркәсібінің өсімі баяулады.

Сонымен бірге инфляциялық процестердің жеделдеуіне қарамастан, сауда көрсеткіштері тұрақты сұранысты көрсетеді. Жиынтық сұраныс жылдық өсуі жеделдеген және маусымда 18,7%-ды құраған елеулі мемлекеттік шығыстармен ынталандырылуда. Бұл маңызды проинфляциялық фактор саналады және монетарлық жағдайларды тиісінше реттеуді талап етеді.ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк  «әлемде жоғары инфляциялық ахуал сақталып, сыртқы монетарлық жағдайлар күшейе бастағанын» атап өтті. ФАО азық-түлік бағаларының индексі маусымда, негізінен, өсімдік майлары, дәнді дақылдар мен қант есебінен 2,3%-ға төмендеді, бірақ әлі де өткен жылғы көрсеткіштен 23,1%-ға жоғары шығып, тарихи ең жоғары көрсеткіштерге жуықтады.

2022 жылғы маусымда энергия тасымалдаушылар мен азық-түлік бағасының өсуіне байланысты АҚШ пен ЕО-дағы жылдық инфляция, тиісінше, 9,1% және 9,6% болып, тарихи ең жоғары көрсеткіштерге жетті.

Жоғары инфляциялық қысым жағдайында АҚШ ФРЖ 2022 жылғы маусымда мөлшерлемені жылдық 1,5%-1,75%-ға дейін бірден 0,75 п.т. (1994 жылдан бастап алғаш рет) көтерді, енді биыл және келесі жылдары мөлшерлемені одан әрі көтеретіні туралы белгі бере бастады. Өз кезегінде, ЕОБ 11 жыл ішінде алғаш рет пайыздық мөлшерлемені 0,5 п.т. арттырды. Реттеуші алдағы айларда мөлшерлеменің одан әрі өсу ықтималдығы туралы да хабарлады.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім жазғы болжамды раундтың және макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған болжамды көрсеткіштерінің, сыртқы ортадағы және ішкі экономикадағы тәуекелдер теңгерімінің қорытындысы бойынша қабылданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылы 5 қыркүйекте сағат 14:00-де жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: