Жаңалықтар тізбегі
0

Діни шараларды өткізуге қатысты нұсқаулыққа түзету енгізілді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, діни шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 10:49 Сурет: Zakon.kz
Ақпарат министрлігі Діни әдебиетті, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау туралы нұсқаулыққа өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды.

Стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау кезінде келесі жағдайларға:

  • өтініш берушінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес ұсынған құжаттарына;

  • үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;

  • үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;

  • стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аударылады.

Бұған дейін діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орны әкімдіктермен келісілетін.

Бұйрық жобасы АшықНҚА сайтында 10 тамызға дейін талқылау үшін жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: