Алматыда самокатпен келе жатқан қыз көліктің есігіне соғылып қайтыс болды

Алматы, жол апаты, самокат, бойжеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 14:44 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жолда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Марков көшесінде сағат 8:05-те болды. Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі есігін ашқан кезде, оған самокатпен келе жатқан қыз соғылған.

Оқиға салдарынан қыз орталық қалалық ауруханаға жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: