Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі Атырау МӨЗ-де орын алған апаттың себебін атады

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 22:40 Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрлігі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының апатты жағдайда жұмысын кілт тоқтатуына нақты не себеп екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) салдарынан "Құрманғазы" мұнай айдау станциясын қамсыздандыратын аспандағы 220 кВ-тық екі электр беру желісі бір мезгілде ажыратылды ("Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ-ның балансындағы), делінген хабарламада.

Құлаған электр тасымалдау желісі бағандары табылды. Бұл жайт "Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ-ны 16 МВт-тық энергиямен жабдықтауда белгілі бір шектеулерге ұрындырды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіру желілерінің іске қосқыш тетіктері ажыратылған. "Karabatan Utility Solution" электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетуге мәжбүр болды. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: