Энергетика министрлігі үш МӨЗ-дің жұмысын тоқтатқаны жайлы дақпыртқа түсініктеме берді

Атыраудағы апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 21:54 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі отандық үш мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау МӨЗ

Электр энергиясы қысымының кілт төмендеуіне байланысты Атырау МӨЗ-дегі технологиялық және қосалқы нысандар апаттық жағдайда жұмысын кілт доғарды. 

Электр энергиясы беру жұмыстары басталды, зауытты кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Мұнда жинақталған жанар-жағармай қоры халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


Шымкент МӨЗ

Шымкент МӨЗ АИ-95 жанар-жағармайын шектей шығара отырып, жұмысын жалғастыруда.

Мұнда жүргізіліп жатқан ішінара жөндеу жұмыстары 14 шілдеде аяқталады.

Мұнда жинақталған жанар-жағармай қоры халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


Павлодар МХЗ

Зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол 19 шілдеде іске қосылады.

Мұнда жинақталған жанар-жағармай қоры халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


Еліміздегі жанар-жағармайдың жиынтық қоры (мұнай базаларындағы, жолдағы және резервуарлардағы) нарық қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті. 

3 шілдеде кешке Атырауда төтенше жағдай орын алғаны, жарық пен су өшіп қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек электр энергиясы қысымының күрт төмендеуіне байланысты АМӨЗ-дегі технологиялық және қосалқы нысандар апатты түрде жұмысын тоқтатқаны белгілі болды, шамамен сағат 18:47-де зауыт толығымен жұмысын тоқтатты. Кейінірек Энергетика министрлігі еліміздегі жанар-жағармай қорына қатысты мәлімдеме жасады

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: