Орынбор ГӨЗ-дегі апат Астананы газбен қамсыздандыру жұмысына әсер етті ме

Газ, Орынбор, ГӨЗ, апат, Астана, Энергетика министрлігі, тапшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 22:30 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) таяуда болған апат Астанаға газ жеткізу жұмысына кері әсер ету ықтималдығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Астана мен басқа да өңірлерде газ тапшылығы болуы мүмкін" деген сипатта тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта елдің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ қалыпты режимде, толық көлемде және еш шектеусіз жеткізілуде", делінген 21 қазандағы министрлік хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер есебінен қамтамасыз етілуде.

"Жеткізілмеген газ көлемі қолданыстағы келісімшарт аясында жедел түрде толықтырылуда. Сондықтан ішкі тұтынушыларға, оның ішінде елордалық ЖЭО-да газ тапшылығы жоқ және болашақта да болмайды. Серіктестердің ақпаратына сәйкес, жақын арада Орынбор ГӨЗ-де газ қабылдау қайта басталады деп күтілуде. Уақытша шектеулерге байланысты Қарашығанақ кен орнының операторы өндіру көлемін бақылаулы түрде азайтты. Аталған шара Қазақстанның ішкі нарығына газ жеткізу міндеттемелеріне әсер етпейді. ГӨЗ қалыпты жұмысына көшкеннен кейін өндіріс көлемі жоспарланған деңгейде қайта жалғасады". ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомство Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу мәселесі Үкіметтің стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатынын және оның пысықталып жатқанын нақтылайды. 

Энергетика министрлігі азаматтар мен БАҚ-ты тек ресми ақпаратқа сенуге және жалған ақпараттарға жол бермеуге шақырады.

"Аталған жағдай Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында", делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін дрондар шабуылынан кейін ресейлік зауыттың Қарашығанақ кен орнында өндірілетін газды қабылдауды тоқтатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: