Қазақстан газсыз қалмайды - Энергетика министрлігі Орынбор зауытындағы апат жайлы

Энергетика министрлігі: Орынбор зауытындағы апат Қазақстанның газбен қамтылуына әсер еткен жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2025 15:07 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Энергетика министрлігі 19 қазанда дрон шабуылынан кейін апат болған Орынбор газ өңдеу зауытындағы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газпромның" мәліметінше, зауыт Қарашығанақ кен орнынан шикізат қабылдауды уақытша тоқтатқан.

Ресей тарапы зауыттың зақымдану көлемі мен қалпына келтіру мерзімі жөнінде әзірге ақпарат берген жоқ.

Министрлік атап өткендей, Қазақстанның ішкі газбен қамтылуы бұзылған жоқ – тұтынушыларға газ қалыпты режимде, шектеусіз жеткізіліп жатыр.

Қарашығанақ шикізатын өңдеу мен мұнай өндіруге ықтимал әсері кен пайдаланушылармен бірлесіп қарастырылып жатыр. Шығындарды бағалау және алдағы шаралар туралы қосымша ақпарат кейінірек ұсынылады.

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр және ресейлік тараппен, сондай-ақ кен орны операторларымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: