Жаңалықтар тізбегі
0

Mycar.kz Қазақстан аймақтарында франшизалар желісін кеңейтеді

көліктерді сату, айырбастау, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 09:51 Сурет: Mycar.kz
Маңғыстау облысында Mycar Aktau көпфункционалды автоорталығын ашу бойынша франшиза туралы шартқа салтанатты түрде қол қойылды. Серіктес ретінде автокөлік бизнесінде, атап айтқанда Hyundai автокөліктерін сатуда үлкен тәжірибесі бар компания таңдалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнда жүрілген автокөліктерді сатып алу, айырбастау, автонесиелендіру және техникалық байқаудан өткізу қызметтері қолжетімді болады. Сондай-ақ, Mycar.kz қосымшасындағы бірыңғай кіру терезесі арқылы Mycar Finance қаржы өнімдеріне және Қазақстан автоәуесқойларының экожүйесіне онлайн қолжетімділік беріледі.

Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы мәліметі бойынша, жүрілген автокөліктердің тек 5% ғана ресми дилерлер арқылы өткен. Бұл мұндай көліктер нарығының басым бөлігі әлі де көлеңкеде екенін білдіреді. Дегенмен, автокөлік бизнесі елді индустрияландырудағы негізгі салалардың бірі ретінде қарастырылады.

Сондықтан, жүрілген автокөліктер мен жаңа автокөліктерді сату бойынша жетекші қазақстандық алаң – Mycar.kz, өз міндетін тек автокөліктерді сатуды ғана емес, осы нарықты ашық әрі қауіпсіз етуді мақсат етеді. Кез келген адам кез келген алаңда көлікті сата алады. Mycar.kz-тің барлық өнімдері мен қызметтері мобильді қосымшада және сайтта қолжетімді, бұл қызмет алуды жылдам әрі қауіпсіз етеді.

Автокөліктерді сату, алмастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 09:51

Сурет: Mycar.kz

Біз бірыңғай экожүйені құрып жатырмыз, онда кез келген автокөлік әуесқойы бір рет басу арқылы автокөлікті сатып алудан, несиелеуден немесе сатудан бастап, иелік ету мерзіміне қызмет көрсетуге дейін өзін қызықтыратын қызметтерді пайдалана алады. Біз клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге тырысамыз. Франшизаның бизнес моделі толыққанды автоорталықты іске қосуды және біздің экожүйенің барлық өнімдерінің қосылуын қамтиды. Франшиза желісіне қосыла отырып, автоорталықтар жүрілген автокөліктерді қабылдау және сату бойынша тексерліп, дәлелденген бизнес-процестерді енгізуді, қызметкерлерді оқытуды, маркетингтік ілгерілетуді, қаржылық өнімдерге қолжетімділікті, сондай – ақ автоорталықтың барлық ішкі процестерін автоматтандыруға арналған Mycar Pro бағдарламасына қолжетімділікті алады.Mycar.kz бизнесін дамыту жөніндегі директоры Тимур Григорьев.

Автокөлікті сату, алмастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 09:51

Сурет: Mycar.kz

Mycar Aktau – Mycar.kz брендінің франшизасы бойынша ашылған екінші автоорталық.

Франшиза бойынша бірінші шартқа қол қою осы жылдың мамыр айында Оралда West Auto Union компаниясымен бірге жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Ақтауда көлік сатып алудағы орташа чек шамамен 6-7 млн теңгені құрайды. Көптеген адамдар үшін – бұл маңызды шешім, өйткені ол әрқашан бюджет мәселесін қозғайды және әркімнің "салоннан" автокөлік сатып алу мүмкіндігі бола бермейді. Жүрілген автокөліктерді сату бойынша автоорталықтар – бизнестің айтарлықтай жас сегменті. Біз оның қаншалықты тез дамып келе жатқанын, оның әлеуеті қаншалықты жоғары екенін көріп отырмыз және серіктесімізбен бірге оның алдыңғы қатарында болуға қуаныштымыз. Mycar Aktau автосалонында көптеген маркалы автокөліктер ұсынылады, сондай-ақ, автонесиелендіруден бөлек, Trade – In бағдарламасы және автоорталық арқылы көлікті сату іске асырылады.Компания басшысы Мансұр Рахметов.

Бренд C2C автонесиелерін белсенді түрде дамытуда, бұл бір жеке тұлға басқа жеке тұлғадан несиеге автокөлік сатып ала алатын жағдай. Қазір осы сервис Алматы мен Нұр-Сұлтанда қолжетімді, бірақ компания жақын арада Қазақстанның тағы 11 қаласында сервисті іске қосуды жоспарлап отыр.

Енді Маңғыстау облысында Mycar.kz көмегімен автокөліктерді қауіпсіз және тез сатып алуға, сатуға және айырбастауға болады.

Өзіңіздің автоорталықыңызды ашу үшін сілтеме бойынша өтінім беруге болады.

Көліктерді алмастыру, сату, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 09:51

Сурет: Mycar.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: