Жаңалықтар тізбегі
0

Пайдалы қазбалар өндірісі бойынша 100 жаңа учаскені анықтау жоспарланып отыр

Пайдалы қазбалар өндірісі бойынша 100 жаңа учаскені анықтау жоспарланып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 21:05 Сурет: pixabay
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жер қойнауын пайдалану cаласындағы инвесторлар үшін цифрлық технологиялардың көмегімен Қазақстанның тартымдылығын арттыру қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратқа әлемнің кез келген нүктесінен онлайн арқылы қол жеткізу, бұйырса күзге қарай мүмкін болады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ҚР Президенті ТРК-ға берген сұқбатында мәлім етті.

Қазақстанның жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратқа әлемнің кез келген нүктесінен онлайн арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету инвестициялық шешімдер үшін негізгісі болады. Бұдан бөлек, инвесторларға қолдау көрсету үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың базасында Ұлттық геологиялық қызмет ұйымдастырылады. Қазіргі заманғы бағдарламалық жасақтауды қолдануда талдау орталығы құрылады, ол жаңа технологиялар бойынша барлық геологиялық-физикалық ақпаратты талдауға және қайта түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл кейіннен жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынылатын 100 перспективалы учаскені дайындауға мүмкіндік береді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Ведомство басшысы қазір геологиялық-физикалық ақпаратты цифрландыруға және оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылып отырғанын атап өтті.

"Қазақстанның минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі басқа ақпараттық жүйелермен интеграцияланады. Брекешевтің айтуынша, бұл шаралар процестерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Егер жер қойнауын пайдаланушы қандай да бір учаскеге қызығушылық танытса, ол интерактивті картаға кіріп, оны каталогтан іздей алады, жер қойнауы бос па, әлде қолданыста ма, бұл ақпаратты да біле алады. Аукциондарды өткізу, есептілікті дайындау, лицензиялық-келісімшарт талаптарын ұсыну кезінде осы жүйеге арқа сүйейді. Серікқали Брекешев

Брекешев алғашқы нәтижелер 1 қыркүйектен кешіктірмей жария етілетіндігіне уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: