ПТР-тест тапсырған Джо Байденнен COVID-19 тағы да анықталды

Сенбі күні АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа қатысты тағы бір рет тексеріліп, одан инфекция қайта анықталды, деп мәлімдеді оның дәрігері Кевин О ' Коннор, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат Ақ үйдің сайтында жарияланды.
Америка президентінің өзін қалай сезінетіндігі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер айтылмайды. Тек АҚШ президенті карантинге қайта оралғаны хабарланған.
Кевин О ' Коннордың айтуынша, «Паксловид» препаратымен емделген науқастар арасында ПТР-тесттің оң нәтиже беруі сирек жағдайларда кездеседі.
Бөлісу
0
Толық оқу