Таразда жоқ қантты 2 миллион теңгеге сатқан қыз ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Тараз полициясына облыс орталығының тұрғындарынан арыз түсті. Олар бейтаныс азаматша қантты арзан бағаға сатуға уәде еткенін, ақшаны алған соң ол жоқ боп кеткенін хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады.
Алаяқтыққа қарсы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Осы жайт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жамбыл облысының полиция департаменті
Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript