Таразда алматылық жігіт жоқ қантты саудалаған
Сурет: Жамбыл облысының полиция департаменті
Алматылық жігіт Тараз тұрғынына қант зауытынан арзан бағаға 20 тонна қант алып беругу уәде еткен. Алайда ол уәдесінде тұрмады, деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Жамбыл облысының полиция департаменті.
Қант алмақ болған жігіт жүк көлігімен келгенде, күдікті одан ақшаны алып кеткен. Қант сатушы оны зауыт қақпасына қарай жіберіп, өзі ұшты-күйлі жоғалып кетті, телефонын да сөндіріп тастаған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 4 млн 200 мың теңге. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын да бірнеше рет сотталған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript