Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту Сурет: Zakon.kz
2 тамызда Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екіні облыс орталығында 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз