Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондондағы жеңісінен кейін алғаш рет жарыс алаңына шықты. Ойын Американың Сан-Хосе қаласында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
WTA 500 турнирінде оның қарсыласы Ресейдің бірінші ракеткасы Дарья Касаткина болды.
Бұл ойынды бүкіл әлем тамашалады. Бірінші сетте Рыбакина 4:1 есебімен алға шықты. Үшінші кездесуде Касаткина 2:1 есебімен жеңіске жетті. Рыбакина аутсайдер атанды.
Спорт мамандарының айтуынша, бұл Қазақстан мен Ресейдің екі үздік теннисшісі арасындағы жарыс тартысты болды.
Еске салсақ, Рыбакина биыл Уимблдонда жеңімпаз атанды.
Бөлісу
0
Толық оқу