ҚХР Сыртқы істер министрлігі Пелосидің Тайванға сапарына қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ мәлімдемесі Сурет: pixabay
Қытай СІМ-і Нэнси Пелосидің Тайванға сапарын айыптап, наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚХР Сыртқы істер министрлігі АҚШ Конгресі өкілдер палатасы спикерінің аралға келіп аяқ басуын Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атап өтті.

Сондай-ақ, Қытай АҚШ-ты "бір Қытай" қағидатын, сондай-ақ қытай-америкалық коммюникеде бекітілген ережелерді бұзды деп айыптады.

Пелосидің сапары аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа селкеу түсіріп, сепаратистік күштерге алабөтен белгі береді, деп мәлімдеді құзырлы органдағылар.

Осыдан кейін ресми Бейжің АҚШ-ты Қытайдың ішкі істеріне араласуды доғаруды сұрады.

Тайванның көмегімен Вашингтон Бейжіңді тежеп ұстағысы келеді, бірақ бұл "отпен ойнағанмен бірдей, - деді ҚХР СІМ.

Ақ үй Пелосидің сапары АҚШ-тың Қытайға қатысты саясатына толық сәйкес келеді және жағдай ушығатындай себептер көріп тұрғанымыз жоқ деп мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз