Елбасы Иранның Сыртқы істер министрімен кездесті
Елбасы
Иран СІМ басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты шешу үшін Қазақстан астанасында келіссөздер ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті қонаққа Астана клубының отырысына қатысқаны үшін алғысын білдірді.
- Барлық мәселелерді толығымен қамтыған Сіздің сөзіңізді мұқият тыңдадым. Осы 27 жыл ішінде біз қарым-қатынасты нығайту үшін талмай жұмыс жасадық. Сіздің еліңізде алты рет болдым. Қазақстан әрқашан көптеген мәселелер бойынша Иранға қолдау көрсетіп келеді, - деді Елбасы.
Өз кезегінде Мохаммад Джавад Зариф Иран басшылығы мен халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Иран СІМ басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты шешу үшін Қазақстан астанасында келіссөздер ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript