Қазақстанда театрлар мен музейлер үшін субсидия көлемі артты
Атап айтқанда, 10 мәдениет нысаны бойынша шығынның орнын толтыруға берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – 85-тен 90%-ға дейін.
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – 85-тен 90%-ға дейін.
М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры – 70-тен 85%-ға дейін.
Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театры – 85-тен 87%-ға дейін.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры – 95-тен 97%-ға дейін.
Республикалық неміс драма театры – 95-тен 96%-ға дейін.
«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – 90-95%.
ҚР Мемлекеттік академиялық би театры – 95-тен 97%-ға дейін.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – 90-нан 93%-ға дейін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – 90-95%.
Нысандардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.
Бұйрық 2022 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енеді.