Бюджеттік субсидиялар театр, филармония мен мұражайлар арасында бөлінді

Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа, музей музыкальных инструментов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 11:11 Фото: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, мұражайлар мен цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) бюджеттік субсидияларды бөлуі мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, мұражайлар мен цирктерге өз қаражаты есебінен жабылған залал сомасын шегеріп, залалдарды жабуға бағыттау арқылы жүзеге асырылады.

Республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және мұражайлардың залалдарын жабуға республикалық бюджеттен субсидиялар мөлшері:

  • "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры – 92%;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – 90%;
  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – 90%;
  • Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры – 85%;
  • Ғабит Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театры – 87%;
  • Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры – 90%;
  • Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры – 97%;
  • Құддус Құжамьяров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры – 95%;
  • Республикалық академиялық неміс драма театры – 96%;
  • Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі – 95%;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры – 97%;
  • Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы – 93%;
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі – 90%.
  • "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы – 98%;
  • "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі – 98%;
  • Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы – 95%.

Тізімде 33 ұйым бар.

Бұйрық 2025 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: