Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында әйелді пышақпен қорқытып, 4 млн теңгесін тонап кетті

Түркістан облысы, қарақшылық, Түркістан облысы полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 14:44 Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында белгісіз ер адам әйелдің үйіне кіріп, оны пышақпен жарақаттап, ішінде қомақты қаржысы бар сөмкесін алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция бөліміне пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға түскені туралы хабарлама түскен.

Тексеру кезінде ауыл тұрғынының үйіне белгісіз біреу кіргені белгілі болды. Күдікті ер адам әйелге физикалық күш көрсетіп, пышақпен қорқытқан, жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, ішінде ақшасы бар сөмкені алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгеден асты.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер бейнекамералардың бірінен жәбірленушінің ауласынан шыққан күдікті ер адамды байқады.

ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласынан ұстады.

Күдікті Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты, ол полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде жас жігіттен ұрланған ақшаның бір бөлігі мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (қарақшылық) және ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрір жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Бүгінде орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: