Алматылық аферист әйелді алдап, 11 млн теңгесін алды
Алматы қаласының Медеу соты неке алаяқтарын алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апелляциялық сот бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды. Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық соты сотталған Ф. есімді азаматтың сот үкіміне түсірген апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Қалалық сотта айтылғандай, ер адам танысу сайтында жалған деректер мен өзгелердің фотосуреттерін пайдаланып, әйелдермен танысып отырған.
Хат жазу, телефон нөмірлерімен алмасу. Осылайша алаяқ әйелдердің сеніміне оңай кіріп, артынан ақша сұратқан. Жеңгетайдың әдемі сөздеріне имандай сенгендер аз емес. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Ер адам алғашында құрбандарынан анам қайтыс болды деп, жерлеуге ақша сұратқан. Ақша шотына түскен соң қайтарамын деп ант-су ішкен. Енді бірде істі боп қалғанын айтып мүләйімсіген. Осындай оқиғалардан кейін байланысқа Азамат есімді тағы бір ойдан шығарылған кейіпкер шығады , ол мазасыз дауыспен түрмеде жатқан Александрға ақша керек екенін айтады. Осы сияқты қырық өтірікке сенген "таныс" әйел оған 11 171 400 теңгесін бере салған. Сотта анықталғандай, ақшаны алаяққа түрлі тәсілдермен беріп отырған.
Сотта келіншектерді шыр айналдырған "Александрдың кім екені анықталып, мұның бәрі бір әртістің қойылымы екені белгілі болды. Қиын өмірлік жағдайда көмектесу ниеті сияқты адамның қарапайым эмпатиясында ойнаған Ф. ақшаның қызығын өзі көрген. Көбін букмекерлік кеңсеге тігіп, ұтылып қалыпты. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бұл ретте сот сотталушының шиеттей балалары барын ескерген.
Сот үкімі өзгеріссіз қалды және күшіне енді.