Жаңалықтар тізбегі
0

Облыс орталығының барлық тұрғын алабы келер жылы газбен қамтылады

Ақтөбе облысы, газ, электр қуаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 17:45 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазір «Шығыс – 1» массивін газдандыру және электрмен жабдықтау жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин танысты.

Қала әкімі Асхат Шахаров аймақ басшысын «Шығыс – 1» тұрғын алабында инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнда газ бен электр желісін тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және жақын арада аяқталады.

Ақтөбе облысы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 17:45

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мердігер ұйымның өкілі Артур Аликуловтың айтуынша, мұнда 1 612 учаске бар. Жер учаскелерінің иелері биыл үйлерін көтере бастаған.

Біз бәріне бірдей көгілдір отын мен электр қуатын өткіземіз. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазірдің өзінде жоспарланған көлемнің 50 пайызы орындалды. Материалдардың 50 пайызы жұмсалды. Электр қуатымен жабдықтауға қатысты айтатын болсақ, мұнда екі мың баған, 900 шам орнатылды. Енді біз электр кабелін тартамыз. Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда, – деп есеп берді мердігер.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: