Алматыда науқас баланың еміне керек деген желеумен ақша жинаған екі қыз ұсталды

Әлеуметтік желі Сурет: Zakon.kz
22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі блогердің алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арызданды. Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрай отырып, қолдан жасалған құжаттарды пайдаланып, парақшасында жазба жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, көмекке шақырған үндеуді назардан тыс қалдырмай, белсенді түрде қаражат аудара бастады.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алуда қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан. Бұрын оның заңмен мәселелері болған және ұрлық үшін жауапқа тартылған. Оның құрбысы С.есімді азаматша – маникюр жасау шебері. Қазір тергеушілер бұл деректен басқа да эпизодтар бар-жоғын анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз