Қарағандыда екі бірдей жігітті пышақтап тастаған қылмыскер ұсталды
Сурет: unsplash
Қарағандыда қос бірдей кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды. Облыстық полиция қылмыс жасалған қарудың тәркіленгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 шілде күні сағат 01:30 шамасында Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан екі ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полиция дереу осы үйге іргелес тұрғын үйлерді қарауға кірісті. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, 23 жастағы күдіктіні Қарағанды полициясының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстаған.
Ол үйінің ауласында болған жанжал кезінде жәбірленушілерді пышақтап тастағанын мойындады. Қылмыстық қару тәркіленді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция зардап шеккендердің кім екенін анықтады. Олар 18 және 20 жастағы жігіттер боп шықты. Әбіл Әбілдин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript