Сәтбаевта кісі өлтіруге оқталған екі күдікті ұсталды
Сурет: polisia.kz
Сәтбаевта "кісі өлтірмек болды" деген күдікпен 18 және 20 жастағы екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz telegram арнасы жазғандай, алдын-ала болжам бойынша, күдіктілердің бірі көлік айдаған, ал екіншісі жәбірленушіге оқ атқан.
Алдын ала болжам бойынша, Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіспей, оның соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнынан кетіп бара жатып, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, ол жерден автокөлікпен қашып кеткен. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript