Нұр-Сұлтанда 8 тамызда Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылады

Инфрақұрылым Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Автомобиль көпірін салу бойынша негізгі жұмыс аяқталды, осылайша көпір үстінде қозғалыс орнайды. Ал көпірді абаттандыру, оның ішінде тротуар бөлігі бойынша соңғы жұмыстар қатар жүретін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбі күні, яғни 8 тамызда Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірде қозғалыс ашылады.

Сондай-ақ А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан-Қарағанды трассасына дейінгі аралық) құрылысы жүріп жатыр. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалау бөлігі арасында көлік байланысын қамтамасыз етеді. Бұл маңайда қозғалысты алдағы күзде ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш көше аудандарды жаңа көпірмен жалғауға мүмкіндік береді. Алтай Көлгінов

Жаңа көпір

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. арасында байланысты арттырады.

Есіл өзені арқылы өтетін, көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір Тәуелсіздік даңғылында келесі жылы ашылады.

Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітін, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын елорданың сол жағалауымен қосымша байланыс орнатады. Алтай Көлгінов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз