Иранда әйелдерге жарнамаға түсуге тыйым салынды

Иран, әйел, жарнама Сурет: pixabay
Иран Ислам Республикасы жарнамада әйел бейнесін қолдануға мүлде тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған халықты шулатқан балмұздақ жарнамасы түрткі болған, деп жазды 24.kz.

Мәдениет және діни бағдарлау министрлігі Иранның өнер және кино мектебіне арнайы хат жолдап, хиджаб кию мен тазалық ережесінің өрескел бұзылғанын хабарлап, бұдан былай әйелдердің жарнамаға түсуіне мүлде тыйым салынатынын жариялады.

Сонымен бірге балмұздақ өнідіруші компанияны әйел бейнесін жарнамада арам пиғылмен қолданғаны үшін сотқа берді.

Жалпы Иранда заң бойынша әйелдер мен балалардың, ер азаматтардың бейнесін исламға жат құрал ретінде қолдануға тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз