Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады

күнбағыс майы қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 10:23 Сурет: pixabay
Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің ұлғаюы байқалды. Алайда, соған қарамастан өнім бір жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz берген мәліметтерінде, өңірлік контексте күнбағыс майы өндірісінің жалпы көлемінің жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 78,1 мың тонна тазартылмаған және 33,6 мың тонна тазартылған май.

Сонымен қатар, тазартылмаған күнбағыс майын өндірудің айтарлықтай көлемі Абай (43,8 мың тонна) және Қостанай (9,1 мың тонна) облыстарына, тазартылған – Шымкент (24,2 мың тонна) және Алматы (10,4 мың тонна) облыстарына тиесілі.

Қазақстандық күнбағыс майын өндірушілер ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында сұранысты 83,5%-ға жауып, тиісінше импорт 16,5%-ды құрады. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өндіріс көлемі 29,6%-ға, ал импорт 26,6%-ға артты, делінген зерттеуде.

2022 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, сарапшылардың бағалауынша, күнбағыс майы бір айда 1,4%-ға қымбаттады, ал жыл басынан бері бағаның өсуі 8,1%-ды құрады.

2021 жылғы шілдемен салыстырғанда бағалар 11,6%-ға өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз, ол кезде баға бірден 65,8%-ға өскен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: