Илон Маск Tesla-ның акцияларын шамамен 7 миллиард долларға сатты

Tesla, SpaceX, Twitter, Илон Маск Сурет: видеодан үзінді
Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск компанияның 7,9 миллион акциясын 6,88 миллиард долларға сатты. Бұған АҚШ-тың бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының (SEC) құжаттарын дәлел болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Транзакциялар 5 тамыз бен 9 тамыз аралығында Tesla акционерлерінің 4 тамызда Остин қаласында (Техас штаты) өткен 2022 жылғы жылдық жиналысынан кейін жасалды, деп жазды cnbc.com.

Айтпақшы, сәуір айында Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы әлеуметтік желілерде «бұдан әрі Tesla-ны сату жоспары жоқ екенін» мәлімдеген еді.

Шілде айында кәсіпкер әлеуметтік желі жалған аккаунттар саны туралы шынайы ақпаратты жария етпегендіктен, Twitter-ді сатып алудан бас тартты.

Twitter оны келісімнен бас тартқаны үшін сотқа берді. Тамыз айында Маск әлеуметтік желідегі боттардың саны туралы толық ақпарат алатын болса, мәміле жасауға дайын екенін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз