Маск Tesla бас директоры қызметінен кетті: миллиардер БАҚ-ты өтірік айтты деп айыптады

Бұған дейін бұл туралы ақпарат The Wall Street Journal (WSJ) басылымында жарияланған болатын. Мақалада Tesla директорлар кеңесі жаңа бас директорды іздеуге кіріскені айтылған.
Өз кезегінде Маск журналистерді өтірік айтты деп айыптады. Бұл туралы америкалық кәсіпкер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
"The Wall Street Journal жалған мақала жариялап, Tesla директорлар кеңесінің біржақты теріс пікірін қамтымағаны – бұл этикалық мінез-құлықты өрескел бұзу", – деді Маск.
It is an EXTREMELY BAD BREACH OF ETHICS that the @WSJ would publish a DELIBERATELY FALSE ARTICLE and fail to include an unequivocal denial beforehand by the Tesla board of directors! https://t.co/9xdypLGg3c
— Elon Musk (@elonmusk) May 1, 2025
Басылымның мәліметінше, жаңа бас директорды табу туралы шешімге Tesla қор нарығындағы акцияларының құлдырауы және кейбір инвесторлардың наразылығы түрткі болған.
Бұған дейін бірқатар қытайлық робототехника мамандары Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысына байланысты Илон Масктың бір данасы шамамен 20 мың доллар тұратын Tesla Optimus роботтарын сериялық шығару жоспары кейінге шегеріліп жатқанын айтқан. Олар Қытайдан жеткізушілерсіз америкалық миллиардер өз жоспарларын жүзеге асыра алмайтынына сенімді.