«Қазақстан темір жолы» департаментінің директорына қатысты үкім шықты

сот Сурет: freepik
10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша жол және құрылыс Департаментінің директоры Т-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында сотталушы Т Департамент директоры  және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріле отырып, өзінің қызметін жүзеге асыру барысында танысы Ш-ны жол дистанциясының басшысы лауазымына тағайындау туралы өтініш білдірген және кейіннен оған жалпы қамқорлығын көрсетуді жалғастырған деген айып тағылған.

2018 жылғы тамыз бен 30 қазан аралығында Т жалпы қамқорлығы және қызмет бабында соңғысының мүддесінде бетімен кеткені үшін Ш-дан 5 300 000 теңге жалпы сомасында айтарлықтай мөлшерде жеке өзіне пара алған (ҚК 366-бабы 2-бөлігі).

Сонымен қатар Т 2020 жылдың ақпан айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін Нұр-Сұлтан қаласында куратор және тікелей бастық бола отырып, 7 бағыныштыдан жалпы сомасы 1 538 000 теңгеге заңсыз ақша жинау түрінде өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, кейіннен оны өз қалауы бойынша қолданған. Өзінің іс-әрекетімен Т аталған адамдардың еңбегі үшін сыйақы алу құқығын ешқандай кемсітусіз бұза отырып, олардың құқығы мен заңды мүддесіне айтарлықтай зиян келтірген.

Соттың жазалау туралы шешімі

ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігінің санкциясымен ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алғаны үшін 2 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға қатысты заңда (ҚК–нің 53-бабы) көзделген жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын ескерді. Іс бойынша сотталушының жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот Т-ны бірнеше рет жасалған ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп таныды және оған 1 жылға бас бостандығынан айыру, экономикалық қызмет саласында 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарламасында.

Сот ҚК-нің 52-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын қолданып, Т. - ның жеке басын, оның іс-әрекетінде жасаған ісіне өкінбеуін, қылмыс жасағанға дейін және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын назарға ала отырып, онша ауыр емес қылмыс үшін бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінің 1/2-нен аспайтын жаза тағайындауды көздеді.

ҚК-нің 62-бабына сәйкес жазаны өтеу уақытын есептей отырып, Т-ның қамауда болу мерзімі 2021 жылғы 14 шілдеден 2022 жылғы 10 тамызға дейін санап, яғни ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеудің екі күні үшін қамауда ұстаудың бір күні есебімен сот тағайындалған жазаны өтелді деп санауға және оны сот залынан босатуға міндетті. Сонымен қатар сотталған адамды ұстау кезінде алынған 3 840 000 теңге және табылмаған, заңсыз сыйақы заты мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз