Полиция бөлімі бастығының орынбасары массаж ақысына гашиш бергені үшін сотталды
Нұр-Cұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары есірткі заттарын заңсыз өткізгені үшін сотталды, делінген қалалық соттың сайтында.
Сотталушы алған массажының ақысын гашиш арқылы төлегісі келгені туралы айтылады.
Массаж қызметін көрсетіп, оның ақысына Т-дан есірткі заты - "гашишті" алған маманның, тінту барысына қатысқан куәгерлердің куәлігімен, заттай дәлелдемелермен, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасалған аудио жазбалармен сотталушының кінәсі дәлелденді. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі
сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын ескерді.
судья сотталушының өзі қабылдаған антты бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылыққа баруын ауырлататын мән-жай деп таныды.
Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот Т. -ға мынандай жаза тағайындады:
ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша - бес жыл бас бостандығынан айыру;
ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша - 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша азамат Т. бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.