Нұр-Сұлтанда полицей 42 тонналық ұшақты сүйреп, орнынан жылжытты
Елордалық полицей Бауыржан Камалиев дүлей күш иесі екенін дәлелдеп, рекорд орнатты. Ол 42 тонналық Airbus ұшағын орнынан қозғалтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция майоры өз жетістігін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, полицей әуе кемесін 10 метр қашықтыққа дейін сүйреп апарғанын мәлімдеді.
Бұған дейін ол электровозды сүйреп тартып, әлемдік рекорд орнатқан. Ол жалпы салмағы 276 тонна болатын екі теміржол локомотивін рельс бойымен 10 метр ұзақтыққа дейін сүйреп апарып, Гиннес рекордын жаңартқан еді.
Бауыржан Камалиевтің айтуынша, ауыр атлеттер үшін спорт өз мақсаттарына жетуге, айналасындағыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Бауыржан Камалиев Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Алматы" ауданының полиция бөлімінде қызмет атқарады. Ендігі жоспары – салмағы 350 тонна болатын жүкті тарту.