Құрбан айт: Нұр-Сұлтанда қасапшыларға арналған тренинг өтті

ҚМДБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 15:57 ҚМДБ
Биылғы Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбан шалатын 7 орын бекітіліп отыр.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде "Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс" атты семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында Бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Алқалы жиынға ҚМДБ-ға қарасты "Халал Даму" ЖШС директоры Әнуар Ізімбайұлы, Нұр-Сұлтан әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Әділет Төлеутайұлы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Әшім Әбілқадырұлы сынды жауапты мамандар шақырылып, семинарға қатысушы 30-дан астам қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбан шалатын 7 орын бекітіліп отыр. Аталмыш орындар арнайы санитарлық тексеруден өткізіліп, айтулы мерекеге сақадай-сай әзірленген.

Бұған қоса, бұл жерлерде діни рәсімдер атқаруға Елордамыздағы 30-дан астам діни қызметкер бекітілген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 15:57

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 15:57

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: