Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы әскери бөлімде орын алған қайғылы жағдайға қатысты тың ақпарат жарияланды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 22:19 Сурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Қаза тапқан сарбаздың әріптестері Алматыдағы әскери бөлімде орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайымен бөлісті. Олар Алмастың ақкөңіл, елгезек жан болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, қатардағы жауынгер Алмас Шахимов далалық жаттығуда кенеттен орын алған дауыл кезінде қаруластарын шатыр ішінен қауіпсіз орынға шығаруға көмектескен. Себебі, жел екпінінің күшінен шатырлы қалашықтар құлап, бүлінген.

Алмас өзінің батыл әрекеті арқылы достарына көмектесіп, өзі шатырдан ең соңғысы болып шыққан. Сол сәтте қатты жел жұлып кеткен шатырдың металл жақтауы басына тиген ол ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Қиын сәтте қызметтестерін құтқарудағы ерлік ісі — батылдықтың, жауынгерлік рухтың, азаматтық жауапкершілік пен қайсарлықтың үлгісі.  ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы ержүрек жауынгер Алмас Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: