Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қалған оқ-дәріні жою ісі қайта қолға алынды

Оқ-дәрі қоймасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 20:55 Сурет: Юрий Ким
Байзақ ауданындағы оқыс жағдай болған әскери бөлімде қалған оқ-дәрілердің көзін жою қайта жанданды. Бұл шаруа екі ай бұрын басталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірақ жергілікті шаруа қожалықтары мал төлдейтін уақытта жарылыс ұйымдастырмауды өтінген. Сөйтіп бұл іс кейінге шегеріліпті. Бүгіннен бастап қару қалдықтарын жару ісі қайта қолға алынды. Бұл процесс елдімекендерден қашық жерде жүзеге асырылуда. Әскерилер, оның адамға да, жан-жануарға да зияны жоқ деп сендіреді. Бұл жайында жақын маңдағы тұрғындардың бәріне ескертіліпті, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

Қанша оқ-дәрінің көзі жойылатыны жөнінде толық мәлімет жоқ. Белгілісі, жару қараша айына дейін жалғасады. Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам ажал құшқан. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ. Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады.

Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі. Бір жарғанда аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын жатқан елдімекендердің қауіпсіздігі үшін. Бір жарғандағы тротил салмағы - 600-700 келі. №28349 әскери бөлімнің командирі Еркін Әбсадықов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: