Арыс және Жамбыл облысындағы жарылыстар: саперлар жою жұмысына қайта кірісті

Арыстағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2022 16:05 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері биылғы жылдың 28 наурызынан бастап Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстарына кіріседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып, жойылады.

Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылады. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.

Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: