Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль соты Нетаньяху ісін қарауды қайта қолға алды

Израиль, Израиль премьер-министрі, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 10:17 Сурет: wikimedia
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша сот процесі екі ай үзілістен кейін қайта жанданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған Израильдің әділет министрі Ярис Левиннің 1 желтоқсаннан бастап төтенше жағдайды алып тастауы себеп болды, деп жазды CNN.

Нетаньяхудың соты алғаш рет 2020 жылдың қаңтарында басталған еді, ол алаяқтық, сенімге қиянат жасау және пара алу айыптары бойынша сотқа тартылған Израильдің бірінші премьер-министрі атанды. Ал Нетаньяхудың өзі қандай да бір заң бұзушылық болғанын жоққа шығарып отыр.

Бірінші жағдайда оған шетелдік кәсіпкерлерден сигара мен шампан сияқты сыйлықтар алғаны үшін алаяқтық және сенімге қиянат жасады деген айып тағылды.

Екінші іс бойынша оған алаяқтық және сенімге қиянат келтірді, сондай-ақ Израильдегі жетекші басылымдардың біріне жағымды ақпарат шығару үшін балысымның басты бәсекелестерінің бірінің тиражын шектеуге ұмтылды деген айыптар тағылды.

Бұған қоса ол пара алды, алаяқтық жасады және сенімге қиянат келтірді деп айыпталып отыр.

Нетаньяху айыптауларды "аяқтан шалу" және Израильдің либералдық және медиа элитасының өзін және оның оңшыл блогын құлату әрекеті деп атады. Израиль заңы бойынша, ол кінәлі деп танылмаса, қызметінен кетуі талап етілмейді және бұл үкім апелляциялық процесс кезінде күшінде қалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: